Түркістан
EN

Жол қозғалысына бақылау күшейді

27
11.08.2026

Қазақстанда цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылау күшейді. Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дрондар, мобильді кешендер және лазерлік жүйелер кеңінен қолданылып жатыр. Ұшқышсыз аппараттар әуеден жылдамдық асырған және жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтайды. Ал патрульдік көліктердегі мобильді кешендер рөлде телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу және қауіпті маневр жасау деректерін автоматты түрде тіркейді. Республикалық маңызы бар 12 бағытта көліктің орташа жылдамдығын есептейтін жүйе іске қосылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндай технологиялар жолдағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді