Түркістан облысындағы тұқымбақтарда 21 түрлі ағаштың 12 миллионнан астам көшеті өсіріліп жатыр. Бұл облыс орталығы мен ауыл-аймақтарды жасыл желекпен көмекеруге толығымен жетеді. Жалпы өңірдегі 14 тұқымбақтың аумағы 250 гектар. Мұнда көшеттерді өндірумен қатар, оларды уақытылы суару, күтіп-баптау және жерсінуіне жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі. Биыл көктем кезінде аудан-қалаларға 467 мыңнан астам көшет егіліп, алдағы жылдары отырғызылатын көшеттерді дайындау жұмыстары жалғасуда.