Алматы қаласы және Алматы облысында полиция есірткі таратумен айналысқан азаматтарды құрықтады. Құзырлы органдар 2 келі мефедрон мен 130 есірткі орамасын тәркіледі. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткі құралдары, электрондық таразы, қаптама материалдары табылды. Одан бөлек, тыйым салынған ұнтақты бөлшектеп орауға арналған өзге де заттар анықталды. Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына және оны тарату әрекеттеріне қатаң тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырады. Бұған дейін қауіпсіздік қызметкерлері жыл басынан бері есірткі жеткізудің 44 арнасы жойғанын хабарлаған еді.