Түркістан
EN

Заңсыз құрылыстан 173,7 млн теңге айыппұл өндірілді

8
11.08.2026

 Жыл басынан бері Түркістан облысындағы 266 нысан тексерілді.  Оның 200-ге жуығы жеке кәсіпкерлік ғимараттар. Тексеріс барысында олардың басым бөлігінің заң талаптарына сәкес келмейтіні анықталған. Сондықтан мамандар осындай меншік иелеріне қатысты 416 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылғанын айтады. Нәтижесінде 266 млн теңге айыппұл салынып, бүгінде оның 173 млн. теңгеден астамы бюджет кірісін толықтырған. Қалған қаражатті өндіру әрекеті жалғасып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында сөз болды. Басқосуда өңір басшысы мұндай заңсыздықтардың алдын алу үшін басқармалардан бөлек, аудан-қала әкімдері де атсалысу керек екенін айтты.