Түркістан
EN

Петропавлда көлік өртеніп, ішіндегі газ баллоны жарылды

230
03.05.2022

Петропавлда жеңіл көлік өртеніп, салдарынан газ қондырғысы жарылды. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, таңғы сағат 8-ге таяу 101 телефон нөміріне көліктің жанып жатқандығы туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жедел жеткенімен, газ қондырғысы орнатылған көлік жарылып кеткен. Мамандар қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін айтады. Өрт сөндірушілер жалынды 10 минутта ауыздықтаған, алайда көлік сау тамтығы қалмай жанып кетіпті. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.