Түркістан
EN

Енді қазақстандықтар жұмыс іздемейді

30
11.08.2026

Енді жұмысты адам іздемейді, жұмыс адамды өзі табады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыспен қамту саласы жаңа форматқа көшіп жатқанын мәлімдеді.  Осыған дейін, жұмыс іздеушілер бос орындарды өзі қарап, мансап орталықтарына өзі жүгінетін. Енді жүйе жұмысқа мұқтаж азаматтарды өзі анықтайды. Одан соң,  Егов мобайл, Еңбек кз мобильді қосымшалары немесе 1414 нөмірінен СМС хабарлама арқылы ақпарат жолданады. Жүйе өңір ішінде де, өңіраралық деңгейде де ұсыныстар әзірлейді. Цифрлық жұмыспен қамту қызметі қыркүйек айында Маңғыстау облысында енгізуді жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін еліміздің барлық 20 өңірінде қолжетімді болады.