Түркістан
EN

Мемлекеттік қызметтерді алу одан әрі жеңілдейді

2
11.08.2026

Елдегі барлық мемлекеттік органдар енді бірыңғай QazTech платформасына көшіп жатыр. Сәуірде іске қосылған жүйе бұрын ұзақ әзірленетін цифрлық қызметтерді әп-сәтте орындауға мүмкіндік береді. Үкімет ескірген жүйелерді жойып, қолданыстағыларын осы платформаға көшірудің 2 жылдық жоспарын бекіткен еді. Қазір жұмыс межеден де жылдам жүріп жатыр. Осы бастаманың нәтижесінде жаңадан eGov 3.0 порталы іске қосылды. Мұнда артық талаптар азайып, қызметтер мейлінше оңтайландырылды. Сондай-ақ порталға жасанды интеллект енгізілді. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 70 пайызы осы цифрлық көмекшіге жүктелмек. Қазірдің өзінде оны 150 мыңнан астам адам қолданып үлгерген