Алимент пен айыппұл өндіруге рейд жүргізілді

20
2026-08-10

Түркістан қаласында «Борышкер» профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтті. Негізгі мақсат – мемлекет пайдасына өндірілетін қарыздар мен алимент берешегін өтеуді қамтамасыз ету. Рейдке прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция және жеке сот орындаушылары қатысты. Рейд барысында борышкерлердің берешегі тексеріліп, қарызды өтеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала прокуратурасының мәліметінше, мұндай профилактикалық рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.