Елімізде тамыз ҰБТ сы басталды

21
2026-08-10

Жоғары оқу орнына түсудің соңғы мүмкіндігі. Бүгін елімізде тамыз айындағы ҰБТ басталды. Сынаққа қатысуға  30 мыңнан астам талапкер өтініш берген. Тестілеудің алғашқы күні 7 мыңдай жас білімін сынады.  Сынаққа  былтыр шекті баллды жинай алмаған талкперлер, орта арнаулы оқу орындары түлектері, орта арнаулы оқу орындарының бітірушілері мен мамандығын ауыстырғысы келетін студенттер  қатысуда.  Сондай-ақ атамекенге қоныс аударған қандастарымыз да бақ сынайды. Олар емтиханнан сүрінбей өтсе, жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім ала алады. Ал өз бағыттар бойынша ақылы бөлімге түскісі келетін колледж түлектеріне тест тапсырудың  қажеті жоқ тек оқу орнына барып ауызша сынақтан өтсе жеткілікті. Тестілеу 14 тамызға дейін жалғасады.