Отандық өндірушілерге қолдау күшейді

24
2026-08-10

Мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі артып келеді. 2024 жылы қазақстандық кәсіпорындармен 145 мың шарт жасалса, былтыр бұл көрсеткіш 169 мыңға жеткен. Ал биыл жалпы құны 97 миллиард теңге болатын 68 мың шарт рәсімделді. Отандық кәсіпорындарды мемлекеттік сатып алуға тартудың негізгі тетіктерінің бірі – «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі» ақпараттық жүйесі. Былтыр іске қосылған платформа арқылы 41 мыңнан астам өтінім қабылданып, өңделген.