Түркістан
EN

Тайфун салдарынан жолаушылар елге қайта алмай отыр

24
10.08.2026

Қазақстандықтар Қытайдағы тайфун салдарынан елге қайта алмай отыр.  Қуатты «Дельфин» дауылы Аспан асты еліндегі әуе қатынасына кедергі келтіріп, Куала-Лумпурдан Алматыға Шанхай арқылы ұшуы тиіс туристердің рейсі тоқтаған. Қазақстандық жолаушылардың айтуынша, оларға әлі ешқандай көмек көрсетілмепті. Жергілікті билік, дауылдың солтүстік-батысқа қарай сағатына 15–20 шақырым жылдамдықпен жылжып бара жатқанын және алдағы уақытта әлсірей түсетінін хабарлады. Қауіпсіздік мақсатында Шанхайдағы екі әуежай 1300-ден астам рейсті тоқтатты.