Түркістан
EN

Отбасы банктің қызметкерлері жалған құжат жасаған

58
10.08.2026

Отбасы банк қызметкерлері баспана кезегіндегі орынды сатып, жалған құжат жасаған. Банк мәліметінше, клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін ілгерілету үшін заңсыз сыйақы алған. Сондай ақ, филиалдардың бірінде несие қабілеттілігін растау мақсатында табысы туралы жалған құжат жасап, оларды несие өтінімдеріне тіркеген.  Қазіргі уақытта бірнеше қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан банктің орталық аппараты мен филиалдарының 1183 кеңесшісі және бір жарым мыңдай  қызметкері өткен болатын.