Түркістан
EN

Талдықорғанда жанармай бекетін тонаған күдікті ұсталды

148
03.05.2022

Талдықорғандық полицейлер жанармай құю бекетін тонаған күдіктіні ұстады. Ер азамат бетперде киіп, станция қызметкерлерін тапаншамен қорқытып, кассадағы 70 мың  теңгені қолды еткен. Тергеу амалдарының нәтижесінде бұзақының жеке басы анықталды. Ол қалада таксист болып жұмыс істейтін Талдықорғанның 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Күдікті бұған дейін, Алматыдағы Әуезов ауданындағы жанармай бекеттерінің біріне дәл осындай әдіспен қарақшылық шабуыл жасаған. Ұсталған азаматтың автокөлігін тінту кезінде екі қылмыста да қолданылған алты патроны бар  револьвер табылды. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді.