Түркістан
EN

Әлемдік үлгідегі аквапарк салынуда

15
10.08.2026

Түркістанда жылына 200 мың демалушыға қызмет көрсететін  алып аквапарк салынып жатыр. Құрылысына 13 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалатын заманауи ойын-сауық кешені «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Ауқымды құрылыстың басы-қасында болған облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторларға жұмысты созбалаңға салмай бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Жалпы аумағы 11,7 гектарды алып жатқан демалыс орталығы үш кезең бойынша іске қосылады. Алғашқы кезеңі тамызда аяқталып, бір бөлігі пайдалануға берілмек онда келушілерді тіркеу корпусы, айналмалы бассейн мен су аттракциондары жұмысын бастайды. Ал 2028 жылға дейін кешен қонақ үйлер мен мейрамханалармен толығады.