Түркістан
EN

Баланы мектепке қалай киіндіреміз

35
10.08.2026

 Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-ананың басты әуресі балаға мектеп формасын алу. Негізгі ереже бойынша, оқушы киімі күнделікті, мерекелік және спорттық болып үшке бөлінеді. Ал оның түсі мен үлгісін мектеп пен ата-аналар комитеті бірлесіп бекітеді. Ең бастысы киімде балаға жарақат келтіретін үшкір немесе қауіпті бөлшектер болмауы шарт. Білім ошақтарында бірыңғай тәртіп сақталуы тиіс. Оған қоса, биыл мемлекет тарапынан әлеуметтік осал  топтағы 450 мыңға жуық отбасының балаларына киім-кешек пен оқу құралдарын алу үшін 23 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.