Түркістан
EN

Құм қиыршықтас қоспасын заңсыз өндірген

45
10.08.2026

Талдықорған маңында табиғат қойнауыннан құм мен қиыршықтасты заңсыз алып, саудаға салғандар  анықталды. Дерек Балықты өзенінің жағалауында жүргізілген рейд кезінде әшкере болған. Оқиға орнынан табиғи материалды тиеуге пайдаланылған трактор мен екі жүк көлігі табылды. Трактор арнайы тұраққа қойылды. Рейдті Жетісу облыстық полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Қазір осы дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Тәртіп сақшылары мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.