Батыс Қазақстан облысында жүріп бара жатқан жолаушы автобусы отқа оранды. Оқиға кезінде автобус салонында 37 адам болған. Олардың барлығы дер кезінде өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видеодан автобусты шарпыған қызыл жалын мен қою қара түтінді көруге болады. Тілсіз жауды сөндіруге сегіз адам жұмылдырылып, екі арнайы техника қолданылған.