Түркістан
EN

Абайдың өлеңдері арқылы қазақ тілін үйренген сарбаз

31
10.08.2026

Ұлттық Ұлан сапында қызмет етіп жүрген өзге ұлт өкілі Абай өлеңдері арқылы қазақ тілін үйренді. Қарағанды қаласындағы әскери бөлім сарбазы Артем Кудряшов оған дейін мемлекеттік тілге мүлдем шорқақ еді.  Соған қарамастан  сегіз ай ішінде жауынгердің қазақ әдебиетін оқуға ынтасы артқан. Соның нәтижесінде ол Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін тұрақты оқуды әдетке айналдырады. Әр шығармадан тағылым алып, әрбір қара сөзден өмірлік ой түйген жауынгердің мемлекеттік тілге деген ықыласы күн өткен сайын артып келеді. Қазір оның ең жиі парақтайтын кітаптарының бірі – Абай жинағы. Оған ақынның «Қыс» атты өлеңі айрықша ұнайды