Түркістан
EN

Қасым Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтады

2
10.08.2026

Бүгін Абай күні. Атаулы дата 2020 жылы үкімет қаулысымен ресми түрде бекітіліп, мерекелік күнтізбеге енгізілген. Осыған орай мемлекет басшысы ел халқын құттықтады. Қасым Жомарт Тоқаев биыл бұл күн елде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталғанын алға тартты.