Шымкент қаласында 160-қа жуық шаруаның ерте көктемнен бергі еңбегі еш кеткелі тұр. Даурыққан диқандар Еңбекші ауданының аумағында құлпынай, жүгері, жоңышқа, картоп пен басқа да көкөніс түрін еккен. Алайда топыраққа отырғызылғалы су ішпеген көкөністер шөлден қурауға айналған. Ал ағын су жүретін каналды жөндеуді былтыр бастаған мердігер мекеме сылбыр қимылдап, жұмысты бітіре алатын емес.