Түркістан облысы Сауран ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзден астам сенбілік ұйымдастырылған. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен кеңейтілген кездесуде белгілі болды. Ауыл тұрғындары мен тазалыққа жауапты мекеме қызметкерлері бас қосқан алқалы жиында, тазалықтың тек коммуналдық қызметтің емес, әр тұрғынның ортақ міндеті екені айтылды. Тақырыпты әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтып береді.