Бүгін 75 мың талапкердің бағы жанды. Елімізде мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Биыл 127 мыңнан астам жас студент атану үшін өтініш білдірген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, тегін оқу гранттарының тең жартысынан астамы, яғни 60 пайызы өндірісті өрге сүйрейтін инженерлік және техникалық мамандықтарға берілді. Бұған қоса, «Серпін» бағдарламасымен мыңдаған түлек теріскей өңірлерде білім алады. Әскери борышын өтеп келгендер мен әлеуметтік санаттағыларға берілетін квоталар толық сақталды. Ал грантқа ілінбей қалғандар ақылы бөлім мен колледждерге құжат тапсырма алады. Немесе сынақты қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Бүгінгі жарияланған тізім әлі түпкілікті бекіген жоқ. 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбалары тексеріліп, ереже бұзғандардың нәтижесі жойылуы мүмкін