Шолпан Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

17
2026-08-07

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында кездесті. Келелі жиында сауда-саттықты дамыту, цифрландыру және көлік қатынасын жақсарту мәселелері талқыланды. Соңғы бес жылда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы екі есеге артып, 2,2 миллиард долларға жеткен. Ең бастысы жиын қорытындысында алты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде электронды сауданы дамыту және ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімдер бар. Ал келесі кеңес отырыс 1-2 қазанда Беларусьтің Минск қаласында өтпек.