Жанарынан айырылса да, спорттан қол үзбеген чемпион

21
2026-08-07

Тағдыр оның жанарынан жарық дүниені ұрлағанымен, қайсар рухын сөндіре алмады. Түркістандық Бағланбек Оңалбек мүмкіндіктің шектеулі емес, шексіз екенін бозкілемде дәлелдеп жүрген спортшы. Пауэрлифтингте зілбатпан штанган көтеріп, елдің үш дүркін чемпионы атанған ол бұнымен тоқтамады. Қазір ол парадзюдодан Азия мен әлемді бағындыруға бел буған.