Түркістан
EN

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды

59
07.08.2026

Қазақстан азаматы, блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол биыл маусым айында Интерполдың сұрауы негізінде Вьетнам аумағында ұсталған. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желідегі кең аудиториясын пайдаланып, заңсыз интернет-казиноны жарнамалап, азаматтарды құмар ойындарына тартқан. Осы қызметі үшін оның криптовалюталық әмиянына шамамен 200 мың АҚШ доллары түскені айтылды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалып, қылмыстық топтың заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру ісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мәліметінше, бұл топ 2021–2025 жылдар аралығында заңсыз ойын бизнесі арқылы 106 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген. Күдікті кінәлі деп танылса, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.