Түркістан
EN

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірген қылмыстық топ құрықталды

29
07.08.2026

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірген қылмыстық топ құрықталды. Тергеу дерегінше, алаяқтар Шиелі ауданындағы Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін бағалы металды өз бетінше қазып алған. Тергеу барысында топ мүшелерінің міндеттері өзара нақты бөлінгені анықталды. Айталық, олардың бірі алтын іздеушілерді жұмысқа тартып, өндіру ісін ұйымдастырса, қалғаны тасымалдау мен сатуға жауапты болған.  Тінту барысында құрамында алтын бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш пен 6 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық та табылды.