Түркістан
EN

Әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру: 164 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды

17
07.08.2026

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсу қарқыны өткен кезеңмен салыстырғанда 4,6 пайызға төмендеген. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бағаны негізсіз өзгерту жәйттеріне байланысты жарты жыл ішінде 4 мыңға жуық  әкімшілік іс тіркелген. Оның 2391-і рұқсат етілген сауда үстемесін асыруға қатысты. Ал өңірлік комиссиялар 2 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде, жеткізу тізбегінен  тиімсіз саналған  164 делдал шығарылды. Сондай ақ, заңсыз әкелінген 46,5 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленіп, 31 тауар түріне баға мониторинг енгізілді. Атырау облысында жарты жыл ішінде 12 заңбұзушылық анықталса, Абай, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында бірде-бір тиімсіз делдал нарықтан шығарылмаған.