Батыс Қазақстан облысында көктемгі тасқын салдарынан 1,6 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Мысалы зақымданған 79 үйдің жартысына жуығы тұруға жарамсыз. Сол себепті Жақсыбай мен Шалғын ауылдарында жаңа баспана салу ұсынылып, құрылысқа 555 млн теңге қажет екені қаралды . Ал жөндеуді талап ететін 31 үй бойынша жалпы мөлшері 47 млн теңге өтемақы төленбек. 191 бас мал шығыны жомарт жандар есебінен өтеліп жатыр. Сонымен қатар облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың қираған 24 учаскесі қалпына келтіріледі.