Сот жүйесін жеңілдету. Дауларды шешу. Үйлестіру кеңесі. Бұл медиацияның басты міндеті. Нақтырақ айтсақ, екі тараптың келіспеушілігін үшінші бейтарап тұлғаның көмегімен шешетін тиімді заманауи процесс. Бүгінде бұл сала дауларды соттан тыс реттеудің тиімді бағытына айналған. Отбасылық, еңбек және коммерциялық дауларды шешуде медиаторлардың рөлі айтарлықтай артты. Биыл дәл осы саланың құрылғанына 15 жыл. Осыған орай, медиация институтының даму қорытындылары мен құқықтық дауларды сотқа дейін реттеудің тиімді бағыттары бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған, облыстық прокуратура, полиция өкілдері мен заң қауымдастығының мамандары қатысты.