Түркістан
EN

Облыс әкімі Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

106
05.08.2026

Халқы жүз мыңға жуықтаған Кентауда шешімін тапқан мәселе де, кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Бүгінгі жүздесу тұрғындар үшін көкейдегі мәселелерін өңір басшысына тікелей жеткізуге мүмкіндік берді. Кездесуде инфрақұрылым, тұрғын үй, жұмыспен қамту, жол сапасы мен коммуналдық қызметке қатысты ұсыныстар айтылды. Қала тұрғынының сөзінше, өткен жылы көтерілген бірқатар мәселе оң шешімін тапқан.