Түркістан
EN

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты 1344 адам рақымшылыққа ілікті

100
05.08.2026

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық заңы іске асып жатыр. Сот республика көлемінде мыңнан астам материалды қарап, жалпы саны 1 мың 344 сотталған азаматты  жазадан босатты. Оның 620-сы түзету мекемелерінен үйіне қайтты, бірақ олар біршама уақыт полицияның бақылауында болады. Ал пробациялық есепте тұрған 724 азамат шектеулерден толық құтылды. Бұдан бөлек, тағы 730-дан астам сотталушының темір торда отыру мерзімі азайтылды. Ішкі істер министрлігі рақымшылық автоматты түрде берілмейтінін ескертеді. Кімнің босатылатынын сот әр адамның ісін жеке зерттеп барып шешеді.