Елордада қыркүйек айында әлемге әйгілі «Пари Сен-Жермен», яғни ПСЖ футбол клубының академиясы ашылады. Осылайша Қазақстан халықаралық PSG Academy желісіне қосылған 24-ші ел атанады. Алғашқы оқу-жаттығу орталығы Air Arena спорт кешенінде орналасады. Мұнда FIFA талаптарына сай жабық алаңда жыл бойы жаттығу өткізуге болады. Алғашқы маусымда академия 6-14 жас аралығындағы 300-ге жуық баланы қабылдайды. Олар «Пари Сен-Жермен» клубының ресми әдістемесі бойынша жаттығады. Жоба балалар футболын дамытуға және қазақстандық бапкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Болашақта академияның филиалдарын еліміздің өзге өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.