Уағыз айтқан адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

40
2026-08-05

Түркістан облысы Жетісай ауданында өткен той үстінде  ізгі тілек айтудың орнына, жиналған жұртқа уағыз айтқан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 66 жастағы қария  сахнадағы өнерпаздарды ауыр сөздермен айыптап, музыканы мүлдем тоқтатуды және аналар мен келіншектерді қорлайтын сөздер айтқан. Жиын-тойларда ерлер мен әйелдерді дастарқан басына бөлек отырғызуды талап еткен. Желіде желдей ескен бейнежазба бірден полицияның назарына ілігіп, Ішкі істер министрлігі бұл әрекеттен діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілерін тапты.