Алматы облысында таудағы көшкінде қалып қойған турист құтқарылды. «Левый Талғар» шатқалына өз бетімен шықпақ болған азамат жорық кезінде табиғаттың тосын мінезіне тап болып, ауыр жарақат алған. Хабарсыз кеткен туристі екі бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары шұғыл іздеуге кіріседі. Нәтижесінде, олар тас астында қалып қойған азаматты дереу қауіпсіз жерге эвакуациялап, қалалық ауруханаға жеткізді. Айта кетейік, құтқарушылар туристерді тауға шығу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.