Түркістанда жаңа индустриалды аймақ құру жобасы таныстырылды

32
2026-08-05

Түркістан облысында 42 кәсіпорын ашылып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын - жаңа индустриалды аймақ  жасақтау  жоспарланып отыр. Құны 30 миллион АҚШ долларын болатын  жобаны  шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Минь облыс әкімі Нұралхан Көшеровке таныстырды. Тараптар жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарын жеделдету мәселелерін талқылады.  Жоспар межелі мерзімді толығымен іске асса, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты күшейіп, Орталық Азиядағы логистикалық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.