Түркістан
EN

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд доллардан асты

22
05.08.2026

Бауырлас елдер саналатын Қазақстан мен Өзбекстанның өзара сауда-саттық көлемі артып келеді. Мәселен, биыл екі мемлекеттің арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд доллардан асқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 572 млн долларға көп. Осы мерзім ішінде  көршілес мемлекет 717 млн доллардың тауарын экспорттап, 2 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған. Ал, биыл бес айдың өзінде екі жақта жалпы тауар айналымы 2,2 млрд долларға жеткен. Осылайша, еліміз Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігін түйіндеп тұр. Тізімде бірінші орында Қытай, екінші орында Ресей. Айта кетейік, жыл басынан бері Өзбекстан әлемнің 195 елімен сауда жүргізген.