Түркістан
EN

Шардара таза ауыз су желісіне қосылды

108
31.07.2026

Шардара ауданында көптен күткен маңызды инфрақұрылым халық игілігіне берілді.  Теңіз жағасына қоныстанса да тұрғындары талай жыл  мейірі қанып тұщы су іше алмаған аймаққа таза ауыз су желісі тартылды.  Аудан орталығынан 38 шақырым жердегі «Тама-Тастанбек» жер асты  су қорынан алынған тіршілік нәрі  енді қала жұртшылығымен қоса тағы 22 елді мекенге де жетеді.