Төлеби ауданында жол ережесін бұзған думанды кортеждің жүргізушілері жазаланды. Олар көлік жүргізу қағидаларын дұрыс сақтамай, маневр жасау ережелерін бұзған. Сондай-ақ, арнайы жарық пен дыбыс сигналдарын жөн-жосықсыз пайдаланып, авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды. Нәтижесінде, құқық бұзушыларға әкімшілік шаралар қабылданып, олар тізгіндеген сегіз автокөлік құралы мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер өзге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін айтады. Сондықтан тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырды.