Археологтар ежелгі Отырар қалашығы аумағына Алтын Орда дәуіріне жататын сән-салтанатты мешіт орнын анықтады. Сондай-ақ үш жарым метр тереңдіктен ғибадат ету орнына апаратын күйдірілген кірпіш пен тастан төселген тұтас көше табылды! Ел тарихында мұндай абаттандырылған ортағасырлық көше мен тас баспалдақтар бұрын-соңды ешқашан кездеспеген.