Үкімет 2035 жылға дейін гидроэнергетиканы дамыту жоспарын бекітті. Басты мақсат - еліміздегі өзендердің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жаңа су электр стансаларын салу және электр қуатын көбейту. Осы бағытта өзендердің әлеуеті зерттеледі, болашақта салынатын нысандардың орындары нақтыланады, барлық мәлімет бірыңғай цифрлық базаға енгізіледі. Сонымен қатар мамандар даярлау мен инвестиция тартуға да көңіл бөлінбек. Алдағы жоспарға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін кемінде 500 МВт жаңа гидроэнергетикалық қуат іске қосылады.