Әлеуметтік желіде заң бұзушылық жасаған тұрғын жауапкершілікке тартылды

19
2026-07-31

  Tik Tok-тағы тікелей эфирде былапыт сөз айтып, тұрпайы әрекет жасаған тұрғын жауапқа тартылды. Түркістан облысының тәртіп сақшылары  39 жастағы әйелді әлеуметтік желідегі агрессивті мінез- құлығы үшін айыптады.  Сот шешімімен кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, Түркістан облысының полициясы "Заң және тәртіп" қағидаты өмірде де, интернет кеңістігінде де қамтамасыз етілетінін ескертеді.