Биылғы жаңа оқу жылында 450 мыңға жуық балаға материалдық көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға жәрдем берілмек. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай кей өңірлерде төлем мөлшері мұнан жоғары болуы мүмкін.