Шардара таза ауыз су желісіне қосылды

15
2026-07-31

Бүгін Шардара жұртшылығы үшін айырықша әрі қуанышты күн болды. Теңіз жағасына қоныстанса да тұрғындары талай жыл  мейірі қанып тұщы су іше алмаған аймаққа таза ауыз су желісі тартылды.  Аудан орталығынан 38 шақырым жердегі «Тама» жер асты су қорынан алынған тіршілік нәрі енді қала жұртшылығымен қоса тағы 21 елді мекенге де жетеді.