Балқаш көлінің жағалауында демалушыларға қауіп төндірген жүргізуші ұсталды. Полицияның мәліметінше, 40 жастағы Тараз қаласының тұрғыны Mercedes-Benz автокөлігімен су ішінде көлік жүргізген. Бұл уақытта жағалауда адамдар шомылып жүрген. Олардың қатарында балаларда бар. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынып, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Ведомство өкілдері азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мұндай әрекеттерге заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертті.