Биыл салық берешегі бар 700 ден астам жеке кәсіпкерге рақымшылық жасалады

5
2026-07-30

Биыл Түркістан облысында салық берешегі бар 700-ден астам жеке кәсіпкерге рақымшылық жасалады.  Игі бастама «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында іске аспақ. Бұл Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, рақымшылық шаралары әкімшілік айыппұлдардың белгілі бір санатына ғана қолданылады. Ал, сот тағайындаған айыппұлдар бұл тізімге жатпайды. Сондай-ақ, салық салу объектілерін жасыруға және салық төлеуден жалтаруға байланысты құқық бұзушылықтар кешірілмейді.