Түркістан
EN

«Арыс 2» теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін қайта ашылды

101
30.07.2026

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында «Арыс-2» теміржол вокзалы жөндеу жұмыстарынан кейін  қайта ашылды. Заманауи талаптарға сай жаңғыртылған нысан тәулігіне 300-ден астам жолаушыға қызмет көрсете алады. Күніне 18 пойыз қатынап, 2 пойыз халықаралық бағытта жүреді. Сонымен қатар перрон аумағында 5 мың шаршы метр асфальт жабыны жаңартылып, жолаушылар үшін жаңа күту орындары мен жарықтандыру жүйесі орнатылған