Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырлған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық жобасы бұл жолы Сарыағаш пен Келес аудандарына табан тіреді. Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлы ойшылдың тағылымын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайтудың маңызды бағыты екенін атап өтті. Алқалы жиында ғалымдар мен теологтар Ясауи ілімінің бүгінгі қоғамдағы мәні мен оның ұлттық дүниетанымдағы орны жайында ой бөлісті.