Түркістан
EN

Радиоктивті зат кеденде тәркіленді

74
29.07.2026

Қазақстаннан Өзбекстанға Радий-226 радиоактивті материалын заңсыз алып өтпек болған азамат «Қапыланбек» кеден бекетінде ұсталды. Тексеру кезінде қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат құжаттары болмаған. Күдіктінің айтуынша, жүкті оған бейтаныс адам берген. Мамандар шекарадан бөгде адамның жүгін алып өтпеуге шақырады. Сондай-ақ, биыл шекарада 132 грамм есірткі, 16,3 тонна дизель отыны және 9,3 тонна бензинді заңсыз алып өту әрекеттері анықталған. Сондай-ақ діни әдебиеттерді,  ет және алкоголь өнімдерін рұқсат қағазынсыз  тасымалдауға тыйым салынған.