Түркістан облысында денсаулық сақтау саласына салынған инвестиция нақты нәтижесін беріп келеді. Қазір өңірде 25 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының биылғы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған алқа отырысында мәлім болды. Жаңа орталықтардың ішінде 8 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 5 дислокация нысаны бар. Сонымен қатар медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамту деңгейі 84,85 пайызға жеткен. Бүгінде мемлекеттік емдеу мекемелерінде 19 компьютерлік томография, 7 магниттік-резонанстық томография және 8 эксперттік санаттағы УДЗ аппараты халық денсаулығына қызмет көрсетіп келеді.