Шілдедегі аптап ыстық түркістандық диқандарды дағдартып тастады. Бірнеше күн бойына 50 градустан түспеген күн райынан қауын-қарбыздар көктей солып, сабақтары сарғайып кетті. Осылайша жүздеген тонна өнім, базар сөрелеріне жетпеген күйі егіс басында қалды. Бұл жағдай нарықтағы бағаға да әсер еткен.